16 тамыз 2019 16:44

Шетелден маман әкелуге заңсыз рұқсат берген әкім жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobenews.kz © aktobenews.kz

Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаров қызметіне толық сай емес деген ескерту алды. Әдеп кеңесі 25 жұмысшыны шетелден әкелуге заңсыз рұқсат берген басшыны бір жылдан кейін жазалап жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz.


Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаров қызметіне толық сай емес деген ескерту алды. Әдеп кеңесі 25 жұмысшыны шетелден әкелуге заңсыз рұқсат берген басшыны бір жылдан кейін жазалап жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбе облысы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Ерболат Ереновтің айтуынша, 2018 жылдың тамыз-желтоқсаны мен 2019 жылдың қаңтар-наурызы аралығында 25 шетелдік жұмысшыны әкелуге заңсыз рұқсат берілген. Яғни, бұрын Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарған Қайрат Отаров заңсыз бұйрық шығарған.

"Комиссия шешімімен ғана шетел азаматтарын кіргізуге рұқсат беріледі. Ол комиссияға облыс әкімінің орынбасары төрағалық етті, көші-қон басқармасының өкілі де құптады. Сондықтан рұқсат беру туралы бұйрық шықты. Мен өз қателігімді мойындаймын", - деді Қайрат Отаров.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 50-бабы бірінші тармағының төртінші тармақшасының талаптарын бұзғаны үшін Байғанин ауданының Қайрат Отаровқа және Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, шетелдік жұмыс күшін тарту және халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Роза Аленоваға қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазалар қолдануды ұсынды.

Айта кетейік, шетелдіктер "Восток нефть" компаниясына жұмысқа шақырылған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети