14 мамыр 2014 19:46

Шетелдерде Қазақстанның үш туристік өкілдігін ашу жоспарлануда

ПОДЕЛИТЬСЯ

©turistu.kz ©turistu.kz

Алыс және жақын шетелдерде еліміздің үш туристік өкілдігін ашу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамыту тұжырымдамасында көрсетілген. Ондай туристік өкілдікті Ресей мен Гонконгта және Батыс Еуропадағы бір мемлекетте ашу жоспарлануда.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жоспарында Қазақстандағы барлық демалыс орындары туралы ұсыныстар топтастыралатын мамандандырылған сайт ашу мәселесі де тұр. Ол тұжырымдамада еліміздегі барлық қонақүйлердің рейтингісін жүйелі түрде шығарып отыратын жауапты мекемені құру мәселесі де қарастырылған.

Тұжырымдама негізінде Астана, Алматы, Шығыс, Батыс және Оңтүстік облыстардағы туристік кластерлер сұрыптаудан өткізілетін болады. Үкімет жоспарында қонақ үйлер мен гидтардың жұмысын қадағалау және бағалау тәртібін бекіту, Батыстағыдай "тайм-шэр" яки, туристік жылжымайтын мүліктерге үлескерлер инвестициясын тарту мәселесі де енгізіліп отыр.

Айта кетейік, туристік өкілдіктер еліміздің әлем елдері алдындағы имиджін көтеруге де бағытталған.

Бұған дейін хабарланғанындай, ол тұжырымдаманы Қазақстан үкіметі мақұлдаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети