17 ақпан 2017 11:58

Шетелдік авторлардың журналистика мен PR саласындағы еңбектерін қазақ тіліне аудару жобасы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Russian Events London © Russian Events London

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев шетелдік авторлардың журналистика мен PR саласындағы іргелі еңбектерін түпнұсқадан қазақ тіліне аудару жобасын бастағанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы министр Facebook желісіндегі парақшасында жазды.


ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев шетелдік авторлардың журналистика мен PR саласындағы іргелі еңбектерін түпнұсқадан қазақ тіліне аудару жобасын бастағанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы министр Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қымбатты достар! Жалпы, елімізде мұндай жинақтарға сұраныс үлкен болғанымен, көпшілігі орыс тілінде екені жасырын емес. Ал, қазақ тіліндегі оқулық аз. Міне, сондықтан біз осы істі қолға алдық. Әрине, бұл біршама уақыт пен еңбекті талап етеді. Біріншіден, ол сұранысқа ие, уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтпайтын кітап болуы шарт. Екіншіден, авторлық құқық иесінен рұқсат алу, сапалы аудару ісі де оңай емес. Дегенмен біз алғашқы жинақты қыркүйектің 1-де студенттердің қолына тигізуді жоспарлап отырмыз", - деп жазды министр.

Сондай-ақ, министр алдымен университеттер оқытушыларының кеңесімен кітаптар тізімін жасағанын айтты. "Бүгін міне, солардың ішінен қазақшаға аударылатын бірінші кітап та анықталды. Сонымен, алғашқысы осы саланың білікті мамандары - Ли Энн Пек пен Гай С. Рилдің қызмет барысындағы БАҚ этикасына арналған "Media Ethics at Work" жинағы болмақ. Бұл - шетелдерде студенттердің үлкен сұранысына ие іргелі еңбек. Айта кету керек, бұл жинақ орыс тілінде жарық көрмеген, яғни қазақшаға тікелей түпнұсқадан аударылады", - дейді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, олар алдағы уақытта осы жинақты 3000 данамен шығарып, еліміздегі барлық кітапхана мен оқу орындарына таратуды көздеп отыр. "Болашақта осы істі демеушілер арқылы жүйелі түрде жалғастырып, жыл сайын бірнеше кітапты аударып отыру жоспарда бар. Бұл өз кезегінде, жас журналистерімізге ақпарат саласындағы әлемдік даму тенденцияларымен кеңінен танысуға мүмкіндік беріп, отандық журналистикаға оң өзгерістер алып келеді деп ойлаймыз", - деп жазды министр.

Дәурен Абаевтың айтуынша, бұл жобаны мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге бағытталған нақты шаралардың бірі деп айтуға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети