20 желтоқсан 2019 09:39

Шетелдіктер Қазақстанға визаны оңай ала алатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері "Шетелдікті шақырту" қызметін электрон форматқа көшірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері "Шетелдікті шақырту" қызметін электрон форматқа көшірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, виза жасату процедурасы әрбір шетелдікті әуреге салады - құжат жинау, Қазақстан елшілігіне келіп, құжаттарды күтіп, 30 немесе одан да көп күнге жалғасатын уақытты күту.

Ал енді бұл қызметті онлайн пайдаланып, визаны 5 күнде визалық-көші-қон порталынан алуға болады.

Мұнда жеке кабинетте мына деректерді толтыру қажет:

- өтінішті толтырып, шетелдікке қатысты мәліметтерді жазып шығу;

- электронды үкімет арқылы мемлекеттік баж салығын (әр адамға 0,5 АЕК-тен) төлеу;

- 5 күннен соң жеке кабинетіңізде 10 саннан тұратын тіркеу нөмірі тұрады, сол нөмірді шетелдікке жолдау керек болады;

- осыдан кейін шетелдік визалық-көші-қон порталда өтініш толтырады да, оған 15 минут ішінде электронды виза жолданады;

- сол визаны басып шығарып, Қазақстан шекарасында паспорт бақылауынан өткенде көрсетуге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети