15 желтоқсан 2016 17:30

Шетелдіктер Қазақстанның мемлекеттік тілін қолдап, қазақ классиктерінің туындыларын оқыды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скриншот Видеодан скриншот

Шетелдік азаматтар қазақ тілін қолдауды мақсат етіп басталған флешмобқа қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне "Шын жүректен" мәдени-әлеуметтік эстафетаны Қазақстанда жұмыс істейтін Шотландия, Канада және Италия азаматтары қолдады. 

Марк Дункан NCOC қызметкері және Atyrau Burns Society құрылтайшыларының бірі.

Марко Машена Қашағанның бұрғылау бөлімінде төрт жылдан бері қызмет етеді. Ол осы жобаға қатысуға өзі ынта білдірген. 

Марк Финдлей - Arctic Group International компаниясының менеджері.  "Біздің жоба туралы естіген достарымыз Маркті табуға көмектесті. Ол ойланбастан келісіп,  Мағжан Жұмабаевтың "Мен Жастарга Сенемин" өлеңін оқыды, -  дейді "Қазақстан-2050" Жалпыұлттық қозғалыстың аймақтық (Атырау) үйлестірушісі Ілияс Қонысбаев.  

"Шын Журектен" - мәдени-әлеуметтік жоба. Оның мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін дәріптеу және қазақ поэзиясына, әдебиетіне сүйіспеншілікті ояту. Бұл эстафетаға кез келген адам қатыса алады.

Жоба форматы оңай әрі түсінікті: қысқа видео түсіріп, оны #jurekten #qazaqpoetrychallenge хэштегімен Желіге орналастыру керек. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети