13 ақпан 2015 16:21

Шетелдің талантты жастарына елімізде бар жағдай жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Paidagogos.com ©Paidagogos.com

Қазақстан шетелден талантты жастарды шақыратын болады. Көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі заңнамаға өзгеріс енгізуді қарастыратын заң жобасында осындай норма бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан шетелден талантты жастарды шақыратын болады. Көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі заңнамаға өзгеріс енгізуді қарастыратын заң жобасында осындай норма бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, заң жобасында шетелдің талантты жастарына қабылдау квотасы аясында Қазақстанның өзекті мамандықтары бойынша жоғарғы оқу орындарында жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімді тегін алуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын бөлу қарастырылған.

Мұндай грант иегерлеріне университеттегі жатақханадан немесе кампустан орындармен қамтамасыз (қажеттілік болса) ету жоспарланып отыр. Мұнымен қатар, заң жобасы шетелдік дарынды жас түлектерге Қазақстанда өзіндік жұмыспен қамту квалификациясының сәйкес келуі туралы анықтама алмай еңбек етуіне мүмкіндік береді немесе оның жұмыс берушісінен шетел азаматтарының жұмыс күшін пайдалану туралы рұқсат алуды талап етпейді.  

Құжатты талқылау барысында мәжілісмен Алдан Смайыл шетелдіктердің оқып алғанынан кейін өз отанына қайтып кетіп қалмайтынына кімнің кепіл болатынын сұрады. 

"Қазіргі уақытта біз Қытайдың және басқа да елдердің ерекше дарынды жастарына гранттар бөліп жатырмыз. Білім алғаннан кейін олар қалаған кезінде кетіп қала алады. АҚШ-та және дамыған өзге елдерде мұндай түлектерге білім алғаннан кейін елде қалып, жұмыс істеуді міндеттейтін тәжірибе бар. Егер бізде мұндай механизм болмаса, ақшаны желге ұшыруымыз мүмкін", - деп мәлімдеді депутат. 

"Гранттарға келсек, заңнама аясында оларды барлығына емес, тек дарынды жастарға - халықаралық олимпиада, көрме, жобалардың жеңімпаздарына ғана енгізу ұсынылды. Дамыған елдерде адамдардың оқып, сол білім алу кезінде елде тұруға бейімделіп, кейін сол елде қала алатыны туралы халықаралық тәжірибе бар", - деп жауап берді депутатқа Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов. 

Еске сала кетейік, өткен жылы Қазақстан Президенті Орталық Азия мен өзге де елдердің дарынды талапкерлеріне Назарбаев университетінде білім алуға гранттар ұсынған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети