15 шілде 2014 18:28

Шетелге шығуға шектеу қою борышкерлер санын азайтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қарызы бар азаматтарға шетелге шығуға шектеу қою оң нәтиже берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әділет министрлігіне қарасты Сот актілерін орындау комитетіне сілтеме жасай отырып. 


Қарызы бар азаматтарға шетелге шығуға шектеу қою оң нәтиже берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әділет министрлігіне қарасты Сот актілерін орындау комитетіне сілтеме жасай отырып. 

"Айыппұлдары мен түрлі қарыздары бар азаматтардың борыштарын өтеуі үшін сот орындаушылар оларға мойнындағы қарызын төлемей, уақытша шетелге шығуға шектеу қойған болатын", - делінген комитеттің баспасөз хабарламасында.

Комитет келтірген деректерге сәйкес, 4986 әкімшілік материал бойынша 3563 борышкерге айыппұл салынған, 1071-і тұтқындалды, 68-іне ескерту жасалды. Жалақыдан қарыздарын ұстап қалып жазалау бойынша сол кезеңде жалпы құны 1,3 миллиард теңгені құрайтын (2013 жылы 1,7 миллиард теңгені құрайтын 3964) 3768 құжат орындалуын күтіп жатқан болса, қазір жалпы жалақы құны 393 миллионды құрайтын 1489 құжат жүзеге асырылды.  

Жалақыдан ұстап қалып жазалау көрсеткіші азайған. Бүгінде 1212 құжатқа қатысты сот шешімі орындалған жоқ. Осы құжатқа сәйес борышкерлерге шетелге шығуға тыйым салынған болатын. 

Сондай-ақ алиментті төлету бойынша сот шешімдерін жүзеге асыру ісі де қарқынды жүруде. Мысалы, Алматы облысы Сот шешімдерін орындау департаментінің мәліметі бойынша 5 айдың қорытындысы бойынша алимент төлемегендерге қатысты 1078 құжат болған, алайда ешкім борыштарын өтемеген, Ал соңғы 6 айда 637 борышкер қарызын төлеген. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында қарыздарын, айыппұлдарын төлемеген 20 мың қазақстандық азаматтың шетелге шығуына тыйым салынғаны хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети