20 маусым 2019 17:23

Шие 32 теңге, құлпынай 20 - Баж салығын төлегісі келмейтіндер қандай қулыққа барады

ПОДЕЛИТЬСЯ


Осы жылдың басынан бастап Қазақстанның мемлекеттік шекарасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен көлік бақылау-өткізу бекеттерінде Мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды тұлғалары тасымалданатын жүктерге мониторинг жүргізу үшін орналастырылды. ЕАЭО елдерімен шекаралас аумақтардағы экспорттық бақылау туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Қырғызстан кәсіпкерлері кедендік баж салығын төлемеу үшін қандай қулықтарға баратыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

2019 жылдың 27 наурызынан бастап Қазақстан-Қырғыз шекарасында бақылау күшейтілді. Биыл 1-ші тоқсанда тауарға ілеспе құжаттарын зерттеу барысында жоқ адамдардың мекен-жайына тауарлар әкелудің 1,8 мың дерегі анықталған. Олар мемлекетке 1 миллиард теңге шығын келтірген. Сондықтан Біз ҚР ҰҚК ШК-мен бірлесе отырып, автокөлік құралдарын тексеруді жүргізілді, ал кейбіреулерін тауарларды толығымен түсіру  арқылы тексерілген. Нәтижесінде, 680 автокөлік құралы қайтарылды, себебі оларда тауарға ілеспе құжаттарда бұзушылықтар анықталды.

"Баға индикаторларын фантастика деңгейіне дейін төмендету фактілері кездеседі. Мысалы, 1 келі тәтті шие құны 32 теңге, ал нарықта 1 келісі 2000 теңгеге сатылады. Шын мәнінде, мұндай бағалар Қырғыз Республикасында да, ҚХР-да да және әлемнің кез келген басқа елінде де жоқ.

Импорттаушылар әдейі салық төлемдерін азайту үшін төмен бағаларды көрсетеді. Егер ұсынылған құжаттарға сәйкес 1 кг шие үшін 32 теңге есебінен есептесе, онда 20 тонна фура үшін салық сомасы 4 800 000 теңге орнына 76 800 теңгені құрайды немесе 98 пайызы жасыру. Осындай фактілер басқа көкөністер бойынша да анықталды: сәбіз - 3 теңге, пияз - 4 теңге, құлпынай - 20 теңге, өрік - 32 теңге және тағы басқалары. Бұл сондай-ақ, Қырғызстан бюджетінің шығындары. Және мұндай жағдайлар туралы біз оларды хабардар етеміз", - деді 

Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы кеден қызметінің төрағасымен тауарларды Қырғыз Республикасынан ҚР-ға тасымалдау және РФ-на транзит кезінде бақылау шарттарын реттеуге көмектесетін шешімдер қабылданған. Атап айтқанда: ҚХР-дан әкелінетін тауарлар бойынша үйлестірілген баға индикаторларын және мәлімделген мәліметтердің дұрыстығын сақтау; Қырғыз Республикасынан тауарлардың (оның ішінде ҚХР тауарларының) транзиті кезінде құжаттарды сканерлеумен шектеу; Қырғыз Республикасы өндірісінің тауарлары бойынша Қырғыз Республикасы мемлекеттік органдарының ресми деректері бойынша бағаларды бақылауды жүзеге асыру.

"Қарасу бақылау-өткізу пунктінде қабылданған шаралар нәтижесінде 2019 жылдың 20 маусымындағы жағдай бойынша автокөлік құралдарының жиналуы 2 есеге - 95-тен 45 автокөлік құралдарына дейін төмендеді. Бүгін, 20 маусымда, Қырғызстандағы әріптестерімізбен тағы бір кездесу өтуде, оның шеңберінде әкімшілендіруді одан әрі күшейту шаралары талқыланып жатыр", - деді МКК өкілі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети