25 ақпан 2014 12:13

Шимофуджи туралы жазбаға қатысты іс сотқа жолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Астана полициясы "Қазақтелеком" операторымен өктем сөйлескен әйелдің әрекетін тіл тигізу деп бағалады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауап қайтарған Астана қаласы ішкі істер департаментінің мамандары айтты. "Астана қаласы ішкі істер департаменті тексеру жүргізді. Сіздің сауалыңызда көрсетілген тұлғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 130-бабы бойынша материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Қылмыстық кодекстің аталған бабы бойынша қылмыстық қудалау сотқа шағымдану жолымен жеке тәртіпте іске асырылады", - делінген полицияның Tengrinews.kz-ке берген жауабында. Қылмыстық кодекстің 130-бабы - қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту - жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына салып жазаланады. Көпшiлiк алдында сөз сөйлегенде не көпшiлiкке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау - жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады. Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасы Ішкі істер министрлігіне ғаламторда пайда болған аудиожазбаға қатысты тексеру жүргізуді тапсырған еді. Бұл жазбадан өзін Жапонияның Шимофуджи деген азаматының жолдасымын деп таныстырған әйелдің "Қазақтелеком" операторына зекіп, сес көрсетіп жатқанын естуге болады. "Сіз, мүмкін, түсінбейтін шығарсыз, сіз Шимофуджи фамилиясы бойынша қараңыз, менің күйеуім - Жапония азаматы", - деп ашулы түрде мәлімдейді әйел. Оператор клиенттің не мәселемен хабарласқанын ұғуға тырысып жатыр, бірақ әйел былапыт сөзді үйіп-төгеді. "Қазақтелеком" қызметкері оның дөрекі сөзіне қарамастан, келтірілген олқылықтар үшін кешірім сұрайды. Бірақ бұған тоқтайтын клиент байқалмайды, әйел шетелдіктерге дұрыс қарым-қатынас жасау керектігі жөнінде ескерту жасайды. Ол өзін Шимофуджидің әйелі ғана емес, сонымен бірге, аудармашысы екенін де айтып, өздерінің Куба елшілігі жанында тұрғанын жеткізеді. Әйелдің былапытқа толы айқайы ғаламторда жарияланғалы бері Жапония елшілігіне Қазақстан азаматтарынан наразы хаттар мен қоңыраулар түсе бастады. Бірақ Жапонияның Қазақстандағы елшісінің кеңесшісі Кенъитиро Сасамэ өздерінде Шимофуджи деген фамилиясы бар азаматтың жұмыс істемейтінін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети