Аниятулла Сәрсенов ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Аниятулла Сәрсенов ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
"ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Аниятулла Өмірзақұлы Сәрсенов ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Аниятулла Өмірзақұлы 1969 жылы дүниеге келген, қазақ, жоғары білімді. 1990 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын "бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті сараптау", 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.