Ішкі істер министрі Ақтөбе тұрғынының "көзі жойылғандардың" тізіміне қалай еніп кеткенін түсіндірді

14 Маусым 2016, 11:31
0
Ішкі істер министрі Ақтөбе тұрғынының "көзі жойылғандардың" тізіміне қалай еніп кеткенін түсіндірді - Данияр Уайсов
Данияр Уайсов

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ақтөбелік студенттің неліктен "көзі жойылғандардың" тізіміне еніп кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол студенттің ағасы жайлы айтылғанын айтты. 

"Аты-жөнін ауыстырып жіберген жағдайлар бар, бұл мәселені шешіп жатырмыз. Ал қаза тапқанға келсек, бұл сол күні таңда болды, сағат алтылар шамасында. Ол оның туған ағасы делінді, сөйтсек, інісі болып шықты. Сондықтан осындай бағыттама таралып кеткен, бірақ кейін әкесі танып, біз түзеп қойдық. Ал оның видеода қайдан жүргендігін анықтау мақсатында қызметтік тексеріс жүріп жатыр", - деп мәлімдеді Қасымов тілшілерге есеп беру кездесуінің алдында.

Осыған дейін Ақтөбе тұрғыны Данияр Уайсов БАҚ-тар мен интернет-басылымдардың кешірім сұрауын талап етіп, видеоүндеу жариялаған еді.

"Саламатсыздар ма, қазақстандықтар! Мен - Уайсов Данияр Рамазанұлымын, Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Бүгін, 2016 жылдың 12 маусымында барлық БАҚ-тар мен интернет-сайттарында мені өлтірді деп хабарлама берген болатын. Бірақ өздеріңіз көріп отырғандай, егер мен видео түсіріп отырған болсам, менің нағыз тірі екенімді көріп отырсыздар. Сол себепті құқық қорғау органдарының баспасөзінен және интернет-сайттарынан жалған хабарлама таратқаны үшін менен кешірім сұрауын және тірі екенімді көрсетуін талап етемін", - деп мәлімдеген еді жігіт.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай