Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ішкі істер министрлігі жаңа үлгідегі жеке куәліктерді көрсетті

29 Қазан 2014, 12:45
3

ҚР Ішкі істер министрлігі жаңа үлгідегі жеке куәліктерді көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа жеке куәлігінде дизайн ішінара өзгертілді, ақ-қара түсті фотосурет түрлі-түстіге ауыстырылды, құжаттың түс гаммасы, ашықтығы мен анықтығы жақсартылды. Жеке куәліктердің барлық қорғаныш деңгейі сақталып қана қоймай, сонымен бірге жаңа элементтермен де толықты. Құжаттың қорғаныш қабатына қосымша элемент енгізілді: куәліктің оң жақ бетіне құжат иесінің голографиялық бейнесінің кішірейтілген түрі орналастырылды, ол құжатты қолдан жасаудан қорғанудың жоғарғы деңгейін білдіреді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мамандар Үкіметтің 2014 жылдың 23 қазандағы қаулысына сәйкес, 2014 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, жаңа үлгідегі жеке куәліктерді шығару жоспарланып отырғанын еске салды. Осы қаулы күшіне енгенге дейін берілген ескі үлгідегі жеке куәліктер пайдалану мерзімі аяқталғанша жарамды деп есептеледі. Бұрынғы жеке куәліктерді түрлі-түсті фотосуреті бар жаңа куәліктерге ауыстыру азаматтардың қалауы бойынша жүзеге асырылатын болады. Жаңа жеке куәлікті беру үшін алынатын мемлекеттік баж салығы бұрынғыдай айлық есептік көрсеткіштің 20 пайызы көлемінде болады, ол - қазіргі уақытта 370,4 теңге.

Еске сала кетейік, депутаттар жеке куәліктердегі фотосуреттерді сапасыздығы мәселесін 2012 жылы көтерген болатын. "Біз түрлі-түсті фотосурет тапсырамыз, ал ақ-қара түсті суреті бар құжат аламыз. Бетіміз бұлдырап, түсініксіз болып тұрады! Азаматтығы жоқ адамдардың, "бичтердің" жеке куәлігі Қазақстан азаматының куәлігіне қарағанда, анағұрлым әдемірек. Уақытша тұруға рұқсат берілетін құжат Қазақстан азаматының жеке куәлігінен айтарлықтай әдемі. Бірнәрсені өзгерту қажет қой", - деген болатын Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеев "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заң жобасын талқылау барысында.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай