Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

ШҚО әкімі браконьерлерден тәркіленген балықты ел игілігіне жаратуды тапсырды

12 Қаңтар 2015, 15:06
0
©ШҚО Ақпараттық орталығы
©ШҚО Ақпараттық орталығы
©krassever.ru
©krassever.ru

Шығыс Қазақстан облысында 2014 жылы 58 тонна балық заңсыз ауланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ақпараттық орталығына сілтеме жасап. Осыған байланысты облыс әкімі Даниал Ахметов ауыл шаруашылығы саласының басқарма басшыларына браконьерлерден тәркіленген балықты ел игілігіне жарату жолдарын қарастыру туралы тапсырма берді.

ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Виталий Черницкийдің мәлімдеуінше, 2014 жылы облыста заңсыз балық аулау 375 рет тіркеліп, 58 тонна балық, 1548 браконьерлік құрал, 153 шақырым қармақ бауы тәркіленген.

Бұл мәселеге қатысты облыс әкімі Даниал Ахметов тәркіленген балықтарды бір ортаға топтастыру керектігін айтты. "Браконьерлердің заңсыз балық аулауы облысымызда жиі кездеседі. Сондықтан белгілі бір балық зауытын қаржыландыра отырып, тәркіленген балықтарды бір ортаға топтастыру керек. Осы арқылы халыққа сапалы балық өнімдерін ұсынуға мүмкіндік бар. Бір ай ішінде басқарма басшыларына аталмыш мәселе төңірегінде толық сараптама жасауды тапсырамын", - деді ол.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың желтоқсан айында қазақстандық шекарашылардың Каспийден жарты тонна бағалы тұқымды балықты заңсыз аулағандарды ұстағаны хабарланған болатын. Шекара қызметінің "Жағалау күзеті" өңірлік басқармасына қарасты "Еуразия" заставасының наряды Дамба елді мекенінің жанынан ағатын Жайық өзенінің бойынан еліміздің 4 азаматын ұстады. Олардың "УАЗ" автокөлігінен салмағы 320 кг болатын бағалы тұқымды балық табылды.  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай