06 қараша 2019 17:57

ШҚО-да 16 полицей зорлау оқиғасына қатысты мәліметтерді таратқаны үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер Интернетте қызметтік құжаттарды таратқаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында полицейлер Интернетте қызметтік құжаттарды таратқаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, Шемонаиха ауданының полицейлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Полиция бөлімінің 16 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың қатарында аудандық полиция бөлімінің басшысы бар. Мен зорлау және өз-өзіне қол жұмсау баптары бойынша қозғалған қылмыстық істерді жеке бақылауға аламын", - деді ШҚО полиция департаментінің басшысы Бақтыбаев.

Еске салайық, мұның алдында Шемонаиха ауданының тұрғыны өзімен бірге тұратын ер адамның мас күйде қызын зорлағанын хабарлаған еді. Кейінірек ер адамның өлі табылғаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети