13 маусым 2019 09:20

ШҚО-да ауылды су басу қаупі төніп тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысындағы Тархан ауылын су басуы мүмкін. Толассыз жауған жаңбырдан Үлбі өзенінің арнасы күн санап үлкейіп барады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Шығыс Қазақстан облысындағы Тархан ауылын су басуы мүмкін. Толассыз жауған жаңбырдан Үлбі өзенінің арнасы күн санап үлкейіп барады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, елді мекен тұрғындары жергілікті биліктен тез арада жағаны бекіту жұмыстарын жүргізуді сұрап отыр, Айтуралынша, жағалаудағы шағын тоғайды Үлбінің арынды ағысы тамырымен жұлып тас-талқан етті.

"Өзен арнасын өзгертті, ол мына аралдың ар жағымен ағатын. Жыл сайын ұлғайып барады. Соңғы үш жылда жағалаудың 15 метрі шайылып кетті. Тарханның төменгі жағында 10 жыл бұрын салынған бөгеттер тасқынға тосқауыл бола алмады. Мұндағылар егер бөгет бұзылса, Үлбі өзені облыстың тас жолдары мен саяжай кооперативтерін шайып, өзге де ауылдар зардап шегуі мүмкін деп қауіптенеді", - деді Тархан ауылдық округінің әкімі Валерий Белянин.

Мамандардың айтуынша, су деңгейі төмендеген соң елді мекендерде тасқынға қарсы іс-шаралар жүргізіле бастайды. Ал Үлбінің арынынан үрейленген ауыл тұрғындары кез келген уақытта бас сауғалап қауіпсіз жерге көшуге дайын отыр.

"Қоршау бөгеттерін салу мәселесі қарастырылып жатыр. Құжат дайын. Қазір төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері суды сорғызу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыншама жауын-шашын болады деп ешкім ойлаған жоқ еді", - деді ШҚО Глубокое ауданы ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Айдар Жанпейісов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети