23 желтоқсан 2016 14:52

ШҚО-да балабақша қызметкерлеріне ұялы телефон қолдануды доғару ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Svopi.ru © Svopi.ru

ШҚО балабақшаларында тәриешілер мен балаға қараушылар аймақтың Білім басқармасының ұсынысымен балаға көбірек көңіл бөлу үшін смартфондар мен планшеттерді пайдаланбау керек. Гаджеттердің орнына қажет болған жағдайда оларға стационарлық телефондарды пайдалануға кеңес берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Білім бөлімдерінен мұндай ұсыныстарды мектепке дейінгі мекемелердің жетекшілері алған. Облыстық Білім басқармасының жетекшісі Айжан Садықованың айтуынша, мұндай шешім тәрбиешілер телефон арқылы хабарлама алмасуымен ғана отырып, балаларға мүлдем қарамайды деген ата-аналар шағымынан кейін қабылданғанын айтты.

"Мұның бәрі қараусыз бала зардап шегіп қалуы мүмкін деген ойдан шығып отыр. Сондықтан, прокуратура өкілдері қатысқан кеңес барысында осындай шешім қабылданған - тәрбиешілер мен балаға қараушылардың ұялы телефон пайдалануына барынша азайту. Кеңестің шешімі тек ұсыныс сипатында, яғни, қызметкерлер бұл шешімді бұзған жағдайда ешқандай жаза мен айыппұлға ілікпейді. Мұны мектепке дейінгі ұйым директорлары қадағалайтын болады", - дейді Айжан Садықова.

Сонымен қатар, облыстық Білім басқармасының жетекшісі бұл ұсыныстардың мектеп мұғалімдеріне қатысты еместігін айтты, өйткені оқу бағдарламасы шеңберінде олардың телефон пайдалануға уақыты жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети