25 қараша 2016 12:57

ШҚО-да биіктігі 60 сантиметр қар жауды: Жол қозғалысы қиындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысы қайта қар астында қалды. Бір тәулікте қардың биіктігі 60 сантиметрге дейін жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысы қайта қар астында қалды. Бір тәулікте қардың биіктігі 60 сантиметрге дейін жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше ШҚО-да қарлы боран басталған. Қазгидрометтің жергілікті филиалының өкілдері 4 миллиметр жауын-шашынның жауғанын және ауа температурасының минус болғанын хабарлады. Сондай-ақ, олар мамық қар жауғандықтан оның биіктігі 24 қарашада таңғы уақытта 60 сантиметрге жеткенін айтты. 

Өскемендегі барлық қар тазалау техникасы 25-ші қарашаға қараған түні тәулік бойы жұмыс істеген. Алайда үздіксіз қар тазалау жұмыстарына қарамастан трамвай жүретін жолдарды қар басып, төрт трамвай жолға шықпаған.

"Біз жолдарды тазартып жатырмыз, бірақ автожолдарды әлі де қар басып басып жатыр. Сондықтан да көлік жүргізушілері рельстермен жүріп жатыр. Басқа амал жоқ", - деді трамвай паркінің директоры Анатолий Успенский.

Республикалық мәні бар қаланың сыртындағы үш жол да қолайсыз ауа райы үшін жабылған. Шемонаиха ауданында 15 көлік жолда тұрып қалған, онда жалпы саны 21 адам болған. Олардың ішінде үш бала бар. Жолда тұрып қалған адамдарды жақын маңдағы шаруа қожалығындағы техниканың көмегімен алып шыққан екен.

Жарма ауданынада да екі адам жол бойында қалып қалған. Оларға ауданық бөлімдегі өрт сөндірушілер көмектескен. Айта кетейік, Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі тас жолдар әлі күнге дейін жабық.

Осыған байланысты Өскемендегі қар тазалау техникасы күні-түні жұмыс істеп жатыр. Алайда жолдар әлі де қар астында жатыр. Көлік қозғалысы тоқтап, жаяу жүргіншілерге жол жүру қиынға соғып отыр.

Ал биліктегілер тұрғындардан көшелерді өздері тазалай беруін сұрайды. Қаладағы жолдарды жарты метрге дейін қар басқан. Мыңдаған адам таңғы уақытта көліктерімен жолға шыға алмаған, аулада тұрған барлық көлікті қар басқан.

"Бірінші кезекте негізгі көшелерді тазалап шығу керек. Түнде қатты боран болды. Тракторлар жарты сағат сайын тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр, бірақ соңынан қайта қар басып жатыр, - деді Өскемендегі Жолаушылар көлігі мен автожолдар бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов". Сондай-ақ, қазіргі уақытта 82 дана техниканың жұмыс істеп жатқанын айтты.

Дегенмен қар тазалау жұмыстарына қарамастан, Өскеменде көлік кептелісі пайда болды - қоғамдық көліктер кешігіп келеді.

"Қала тұрғындарын, кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларын өздерінің ұжымдарымен бірге қар тазалау жұмыстарына жұмылуын сұраймыз. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтарынан облыс орталығындағы жолдың жүретін бөлігіне көліктерін қоймауын сұраймыз. Қаланы қардан тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр", - деді қалалық әкімдіктің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети