25 тамыз 2017 10:43

ШҚО-да бір-біріне қару төсеп немесе ішімдік ішіп отырған суреттерін желіге салған шенеуніктер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан аумағындағы мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріндегі парақшалары қатаң бақылауға алынған. Жүргізілген мониторинг жұмысының қорытындысы бойынша 126 мемлекеттік қызметкердің әлеуметтік желідегі парақшаларында жат 309 сурет анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық аймақтық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан аумағындағы мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріндегі парақшалары қатаң бақылауға алынған. Жүргізілген мониторинг жұмысының қорытындысы бойынша 126 мемлекеттік қызметкердің әлеуметтік желідегі парақшаларында жат 309 сурет анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық аймақтық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департамент тиісті аудан әкімдіктері, басқармалар мен департаменттерге хат жолдап, жауап алған. Нәтижесінде 49 қызметкерге ескерту айтылса, 1 қызметкерге сөгіс және тағы бір қызметкерге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жарияланған.

"Мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік желіге бір-біріне қару төсеп немесе ішімдік ішіп отырған суреттерін салған. Менің жеке ойым, бұл дұрыс емес. Ондай суреттерді қарапайым тұрғынның өзі салуға ұялады. Қажет болса жеке суреттер қатарында сақтасын. Алайда оны желіге жария етіп қажет емес. Себебі кейін халық "Бұлар жұмыстың орнына аңға шығып, ішімдік ішіп жүреді" деп санайтын болады", - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департамент басшысының, әдеп жөніндегі кеңес төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Сапарғалиев.

Бұдан былай департамент өз кезегінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан орын алған фактілердің қайталанбауына бақылау жүргізіп, назарға алмақ.

Еске салайық, осындай мониторингтен кейін қызылордалық шенеуніктер де жазаланған болатын. Бұл аймақта бақылау нәтижесінде облыс көлеміндегі қала, аудан әкімдіктері мен әкімдікке қарасты жергілікті атқарушы органдардағы 48 мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желілерінде ойын-сауық орындарында (кафе, демалыс орындар), шетелдік демалу орындарында және құмар ойындар ойнап отырғандығы бойынша түскен суреттерінің орналастырылғандығы анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети