08 қазан 2018 08:24

ШҚО-да қараусыз қалған әуежай қалпына келтіріледі

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aviaforum.ru © aviaforum.ru

Зырян ауданының әкімшілігі қараусыз қалған әуежайды қалпына келтіруді жоспарлап отыр, ғимаратта қазір мал өсірумен айналысады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Устинка LIVE сайтына сілтеме жасап.


Зырян ауданының әкімшілігі қараусыз қалған әуежайды қалпына келтіруді жоспарлап отыр, ғимаратта қазір мал өсірумен айналысады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Устинка LIVE сайтына сілтеме жасап.

Сайттағы мәліметтер бойынша, Зырян ауданының туризм саласын дамыту үшін облыс орталығынан бастап тас жол салынып жатыр, ал келесі жылы әуежайды қалпына келтіру жұмысына кіріскелі отыр.  

Кеңестік заманда Зырян әуежайы үлкен сұранысқа ие болған, ал енді ұшу-қону жолағы қаңырап тұр. Ол қала сыртында орналасқан, мұнда барлық байланыс құралдары сақталған.

"Әуежай ғимаратын бір кездері жеке кәсіпкер бес мың теңгеге сатып алған, ал қазір оған 50 миллион сұрап отыр. Ол мұндай ақшаға тұрмайды. Онда бірнеше жылдан бері мал шаруашылығымен айналысады және ғимаратты сатып алудың ешқандай мәні жоқ, жаңасын салған оңайырақ", - деді Зырян әкімі Нұржан Тоқсеитов.

Бірақ ұшу-қону жолағы коммуналдық меншікте, аудан әкімінің айтуынша, оны қалпына келтіруге әкімшілік бюджет қаражатын жұмсауды жоспарлап отыр.

Мұның алдында ШҚО-дағы Зырян қаласына Алтай атауы берілген

"Аудан Алтай деген атқа лайықты, себебі ол Алтайдың өзі. Бұл туристік бизнестің дамуына ықпалын тигізеді. Сол себептен жол жасап жатырмыз, ал кейін туризмді дамыту үшін миллиардттаған ақша жұмсаймыз", - деген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети