1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

ШҚО-да облыстық мәслихат хатшысының қос азаматтығы бар деген хабар жоққа шығарылды

ШҚО-да облыстық мәслихат хатшысы Владимир Головотюктің қос азаматтығы бар деген хабар жоққа шығарылды, - деп хабарлайды Устинка LIVE.

Полицейлер ШҚО билік өкілінің азаматтығын тексеру үшін екі ай жұмсаған. "Тексеріс қорытындысы бойынша ШҚО мәслихат хатшысы Головотюк Влажимир Михайловичтің қос азаматтығы дерегі расталмады", - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.