29 мамыр 2017 | 16:02

ШҚО-да орман шаруашылығы инспекторы қарағайларды заңсыз кесіп, өз кеңсесін жылытқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті орман шаруашылығының инспекторы қылқан жапырақтыларды заңсыз кескен. Ер адам бұл ісін өз кеңсесін жылыту мақсатында істегенін айтып, осылайша заң бұзуға тура келгенін жеткізді, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті орман шаруашылығының инспекторы қылқан жапырақтыларды заңсыз кескен. Ер адам бұл ісін өз кеңсесін жылыту мақсатында істегенін айтып, осылайша заң бұзуға тура келгенін жеткізді, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалдары бойынша, Бесқарағай аудандық сотында қарастырылған істе жергілікті орман шаруашылығының инспекторы өткен жылы қылмыс үстінде ұсталған. Бірнеше күннің ішінде ол 80-нен аса қарағайды рұқсатсыз, келісімсіз кесіп тастаған. Ер адам ұсталған кезде өз әрекетінің белгілі себебі бар екенін айтып ақталған.

Айыпталушы рақымшылық заңынан бас тартып, жазасын толық өтеуді өзі сұраған. Сот үкімімен бұрынғы инспектор 90 сағат қоғамдық жұмыстар істейді, сонымен қатар ол табиғатқа келтірілген залал мөлшерін өтеуі тиіс. Бір жыл ішінде ол орман шаруашылығына қатысты қызметке орналаса алмайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети