Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

ШҚО-да шенеунікке шабуыл жасауы мүмкін делінгендер видеоға түсіп қалды

23 Қараша 2015, 16:22
0
Елдос Чикенов © Facebook
Елдос Чикенов © Facebook

Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Чикеновтің қызметттік көлігіне орнатылған видеотіркегішке оған шабуыл жасаған адамдар түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеожазбаны Tengrinews.kz редакциясына зардап шеккен шенеуніктің өзі жолдады. Ол Өскемен тұрғындары оларды танып қалуы мүмкін деп үміттеніп отыр. Шабуыл жасағандардың саны екеу, видеодан олардың үйге кіріп-шыққанын көруге болады, алайда түрлері анық емес.

"Құрметті достар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сіздерден биыл 5 қараша күні сағат 08.35 - 08.40 шамасында мен тұратын үйдің кіреберісінде маған шабуыл жасағандарды табуға көмектесулеріңізді сұраймын. Қызметтік көлігімнің видеотіркегішіне жазылып қалған видеоны жолдап отырмын. Біреулер оларды жүрістерінен танып қалар. (...) Кез келген ақпарат үшін жақсы сыйақы мен құпиялылыққа кепілдік беремін. Шабуыл жасағандар екеу, тағы біреуі сыртта тұрған. Видеодан олардың кіріп-шыққанын көруге болады. Көмек сұраймын. Ертең ол сіздің жолдасыңыз немесе туысыңыз болуы мүмкін", - деп жазды Чикенов.

ШҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер шенеунікке шабуыл жасағандардың әлі ұсталмағанын растады. Қылмыстың беті әлі ашылмай отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Чикеновтің пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын. Оған операция жасалды және дәрігерлер оның өміріне қауіптің жоқ екенін хабарлады. Сонымен қатар, ІІД мамандары бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталғанын мәлімдеді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай