27 ақпан 2017 13:19

ШҚО-да тікұшақ апатының себебі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Әуе ұшағын басқару және қауіпсіздік қағидаларын бұзу Шығыс Қазақстан облысындағы тікұшақтың апатқа ұшырауына себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құтқарушылар төтенше жағдай болған жерге барды. 


Әуе ұшағын басқару және қауіпсіздік қағидаларын бұзу Шығыс Қазақстан облысындағы тікұшақтың апатқа ұшырауына себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құтқарушылар төтенше жағдай болған жерге барды. 

Тергеу шараларының басталғаны жөнінде көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері айтты. 

"Осы іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі ("Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары бірыңғай реестріне тіркелді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

ШҚО құзырлы органдары жедел-тергеу тобы аман қалған Ақбаевтан жауап алмаған. Осыған дейін төтенше жағдайлар органдарының оқиға орнына ауа райының қолайсыздығына байланысты жете алмағаны хабарланған. Құтқарушылардың айтуынша, ауа райы тұрақталған уақытта, бүгін оқиға орнын зерттей бастайды. 

Еске салайық, жеке меншіктегі С-341 тікұшағы кеше Үржар ауданындағы Қожа ауылынан ұшып шығып, Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына қонуы керек болған. Куәгерлер тікұшақтың Айғыздың үстінен ұшқанын көрген. Алайда жетер жеріне жетпеген. 25 ақпанда сағат 18.30-да пилот байланысқа шықпаған. Іздеу шаралары барысында тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерден табылған. Сонымен қатар, апатқа ұшыраған жолаушылар тікұшағы Семейдің бұрынғы әкімі Қайрат Тұрлыхановтың әйелі - Ғафура Тұрлыхановаға тиесілі болғаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети