ШҚО мәслихаты хатшысының қос азаматтығы туралы дерек тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ШҚО мәслихаты хатшысының қос азаматтығы туралы дерек тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В.М. Головатюкте Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қос азаматтығы бар болуы туралы қазақстандық Интернет-ресурстарда орналастырылған ақпарат бойынша 2017 жылдың 25 қаңтарында облыс әкімдігінде өңірдің құқық қорғау органдарының қатысуымен кеңес өтіп, онда аталмыш мәселе бойынша бұрынғы жұмыс туралы ақпарат тыңдалды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, кеңестің қорытындысы бойынша көрсетілген фактілерді тексеруді жалғастыру туралы шешім қабылданғаны айтылады.
Еске салайық, осыған дейін БАҚ-тарда Владимир Головатюктің Ресейдің және Қазақстанның азаматтығы бар екендігі жайлы мәлімет тараған болатын. Сол мәлімет бойынша, Головатюк Владимир Михайлович деген азамат 1998 жылдың 12 тамызында Ресей Федерациясының "Азаматтық туралы" заңының 3-бабының тәртібінде Ресейдің Астанадағы елшілігінің консулдығында Ресей азаматтығын алған делінеді.
Республика Конституциясының 10-бабының 3-тармағында "Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды" делінген. Осы заңның түсіндірмесінде былай делінген:
"Бұл ереженің конституциялық-құқықтық мағынасы Республикада көпазаматтылық, оның ішінде қосазаматтылық қабыл алынбайтынын көздейді. Конституцияда белгіленген Республика егемендігінің, тәуелсіздігінің және конституциялық құрылысының негіздерінде жататын жалпы ережелер, принциптер мен нормалар ( 1-5 , 10- 12, 34, 36, 39 және өзге баптары) бірінші кезекте Конституциямен, ал содан кейін ғана - соған негізделетін заңдық күші кемдеу нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етіліп, қорғалады. Негізгі Заңда белгіленген Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығына болуы танылмайтындығы туралы норма-принципте мынадай ереже бар: егер Республика азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алатын болса, онда бұл адамның ерікті ықтияр білдіруін тиісінше ресімдеген уақыттан бастап Қазақстан азаматтығы сақталмайды; басқа мемлекет азаматының Қазақстан азаматтығын алу фактісі осы фактінің өзі жүзеге асырылған сәттен бастап заңдық жағынан қуақарсыз (түкке тұрғысыз) болып табылады. Бұл ретте Конституцияның 10-бабы 3-тармағы нормасының өктемдік күшіне орай Республика азаматтығын тоқтату, азаматтықтан айрылу жағдайлары үшін көзделгендей етіп (қазіргі уақытта қолданылып жүрген "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңның 21, 30 және 31-баптары ), жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс".
Айта кетейік, Владимир Головатюк ШҚО мәслихатының хатшысы қызметінде. Ол 2016 жылдың наурызында қайта сайланған болатын.