18 наурыз 2018 11:45

ШҚО-дағы су тасқынынан өлген мал етінің сатылып жатқаны рас па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © pixabay.com Иллюстрация © pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрінің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Сәкен Қалқаманов су басқан өңірлерде өлген малдардың еті сатылып жатыр деген қауесетке қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

WhatsApp қолданушылары су басқан өңірлерден өлген малдардың еті Камазбен тиеліп әкеліп, базарларда сатылып жатқаны туралы хабарламаны таратты.

Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер ол хабарламаның шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Шығыс Қазақстан облыстық аймақтық инспекциясы көктемгі су тасқыны кезінде облыс территориясында малдардың қырылу дерегінің тіркелмегенін мәлімдеді. ШҚО-дағы су тасқыны салдарынан өлген малдардың еті сатылып жатыр деп, әлеуметтік желіде тарап жатқан хабарлама шындыққа жанаспайды", - деді Сәкен Қалқаманов.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети