Школьник акциздердің өсуінен кейін бензин бағасына қатысты пікір білдірді

24 Қараша 2015, 12:14
0
Школьник акциздердің өсуінен кейін бензин бағасына қатысты пікір білдірді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Энергетика министрі Владимир Школьник акциздердің өсуінен кейін жанар-жағармай бағасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламенттің үзілісінде министр жанармай бағасын мемлекеттің реттемейтінін еске салды, алайда ол акциздердің мөлшерлемесінің өзгерісінің баға құрылымдауына айтарлықтай әсер ете қоймайтынын айтты. 

"(...) Қатты әсер етеді деп ойламаймын. Әсері аз болады. (...) Қатты әсер етеді деп ойламаймын. Сататын адамдар өз шығынының орнын толтыруға әрекеттенеді. Ал жанармай әкелетіндер ұтады. Сондықтан бәселекестік бензин бағасының шарықтамайтынын көрсетеді", - деді Школьник.

Бағаның қаншалықты шарықтайтыны жайлы сұраққа ол былай деп жауап берді: 

"Мен мұны айта алмаймын. Ешкім де айта алмайды. Еркін ауытқу бағамы жағдайында және мемлекет реттемейтін кезде ол мынадай фактормен байланысты: теңгенің рубльге қатынасы, долларға қатынасы. (...) Ешкім нақты айта алмайды. Бағаның өсуі жайлы қаншалықты көп айтсаңыздар, соншалықты дүрлігу туғызасыздар. Міне, бағаны еркіне жіберді. Ештеңе өзгерген жоқ. Теңге бағамының долларға қатынасы екі есе өзгеріске түссе де, ештеңе өзгерген жоқ, ал доллар бойынша бағалар екі есе түсті. Реттелмейтін және араласпайтын жағдайдағы бағам - дұрыс бағам".

Еске салайық, ҚР үкіметінің №887 қаулысына сәйкес, жанармай акциздерінің мөлшерлемесі 4500 және 5000 теңгеден 10 500 және 11 000 теңгеге дейін өседі. Осыған дейін ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев "жанармайды жеткізетін зауыттармен алдын ала талқылаған баға сол күйінде қалып отырғанын" айтқан еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай