07 қазан 2014 19:06

Школьник бензинді үнемдеуге қатысты айтқан сөзін түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Школьник. Фото ©Ярослав Радловский Владимир Школьник. Фото ©Ярослав Радловский

Энергетика министрі Владимир Школьник бензинді үнемдеуге қатысты алдында айтқан сөзін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика министрі Владимир Школьник бензинді үнемдеуге қатысты алдында айтқан сөзін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр тағы да жанар-жағармайды үнемдеу қажеттігін айтты, сөйтіп ол алдындағы өз мәлімдемесінің кейбір тұсын ғана пайдаланып, базбір БАҚ туғызған түсінбеушілікті еске алды.  "Мен бұл арада бензин мәселесі қиын болып жатқанда, тиімді бір шара оны үнемдеу екенін, керек болса жолы бірлер бір-біріне мінгесіп алғаны дұрыс болар еді деп байқаусызда айтып қалыппын. (...) Мен мұны бензин жетпеген кезде дегенмен байланыстырып айттым... Осындай жағдайға тап болған біз осындай жаманбыз немесе ақымақпыз деген мағынада емес" - деді ол.

"Маған: "Құдай үшін мысал келтірмеңіз" деп ақыл айтушылар болды. Мен бұл ақылға жүгінетін боламын, әйтпесе тағы да (БАҚ-та - авт. еск.) басқалай болып шығып жатса қайтем" деді министр. Дегенмен ол осы негіздегі ойын одан әрмен жалғастыра берді. "Қиын болған кезде біз отбасымызда үнем жасаймыз. Сіздерде қалай екенін білмеймін, ал мен күніге анамның, әкемнің және өзімнің аяқ-киімдерімді жөндетуге апаратын заманда өмір сүрдім. Біз бәтеңкемізді жөндететінбіз, екеуі болатын: біреуі жөндеуде жатса, біреуін киіп жүре беретінбіз. Сатып алатын ақшамыз жоқ кезде біз осылай өмір сүрдік. Қазір осындай жағдай бензинге қатысты туындап тұр. Ендеше үнемдейік те... Біздің ата-анамыз, әжеміз: "Көп табатын емес, аз шығындалатын - бай" деп үнемі айтып отыратын. Ендеше үнемшіл болайықшы" - деді Школьник.

Депутат Тәңірберген Бердоңғаров Энергетика министрінен жанар-жағармайдың бағасы тағы көтеріледі ме сұрады. Бірақ ол министрден тұщымды жауап ала алмады. "... Маған "сен министрсің, сен  жанар-жағармай үшін жауап бересің, ал бағасы өспейді" деп айтты. Ал мұны қалай істеуге болады, жақсы кеңестеріңіз болса, айтыңыздар, ол үшін мен қатты разы болар едім" - деді министр өз жауабында.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети