Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ішімдік тұтынудан Қазақстан 34-орында тұр

30 Мамыр 2014, 16:37
0
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстан әлемде ішімдік тұтыну бойынша 34-орында тұр. Ал алкоголь өнімдеріне қарсы күрес жүргізіп, төменгі орындарға түсу әзірше мүмкін болмай отыр. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында этиль спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын реттеу туралы заңды талдау барысында Қуаныш Айтаханов осы мәселені алға тартты деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі.

Сенатор Қ.Айтахановтың сөзінше, Қазақстан спирттік ішімдікті тұтыну бойынша 188 елдің арасында 34-ші орынға тұрақтапты.

"Ішімдік тұтыну жағынан бәсекеге қабілетті 30 елге жақындап қалыппыз. Қазақстанда әр адам жылына 11 литр арақ тұтынады . Арақты ішпеу, оны аз тұтыну нәтижесін 34-ші емес, 150 орынға апару үшін не істеу керек?! Үкіметтің алдында сондай жоспарлар бар ма?", - деді Қуаныш Айтаханов.

Бұған қатысты вице-премьер, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов: "Мәселе 2010 жылы қабылданған "Саламатты Қазақстан" бағдарламасында толық қамтылып отыр. Басқа да бағдарламаларда мәдени жағынан да қарастырылған. Өйткені, тек қана тыйым салумен ішімдік тұтынуды қысқарта алмаймыз. Бұл жағынан біраз тәжірибеміз бар. Бүгінгі нормалар көлеңкелі экономиканы қысқартып, тұтынуды да азайтады", - деп қайырды.

Сенат депутаты Қожахметов Баймаханов Кеңес дәуіріндегі арақтың бағасы 3 сом 62 тиын болғанымен, оның 13 тиыны арақ зауытына қалып, қалғаны мемлекет бюджетіне түсетіндігін алға тартты. "Мемлекеттік монополияны араққа қоюға қалай қарайсыздар?" деп депутат әу баста Салық комитетіне мәселені төтесінен қойғанымен, ол тарап: "бұл ұсынысты енгізу туралы бастамаға Бас Прокуратура мен қаржы полициясы қарсылық болып отырғанын желеу етіпті.

"Статистика бойынша Қазақстанда 21 кәсіпорын спирт, алкоголь өнімдерін шығарады. Олардың өндіріс көлемі 20-25 пайыздан аспайды. Егер солай болса, олар қалайша тиімді жұмыс істеп жатыр? Олар қалайша банкрот болмай отыр? Әлде толық жұмыс істегенін сіздер есепке ала алмайтындай етіп басқаша көрсетіп отыр ма?", - деді депутат Икрам Адырбеков.

Қаржы министрінің сөзінше, Қазақстанда арақ пен спиртті өндіретін 21 зауыт жұмыс істейді. Олардың қуаттылығы 20 млн. литрді құрағанымен, дерек бойынша 4,5 млн. литр арақ шығарады-мыс.

"Бүгінгі заңнама бойынша өндірістің минималдық көлемі 200 мың декалитр болып бекітілді. Өндіріс көлемі 200 мың декалитрге жататын 14-15 зауыт бар. Қуаттылығы 500 мың декалитрға дейін жететін өндірістер үлкен зауыттар болып саналады. Зерттеу бойынша олардың жалпы межесі 23 пайызды көрсеткенімен, 5-6 зауыт әзірге тек шығынын ғана көрсетуде. Біз олардың нарықтағы көлемін байқап отырмыз. Демек, түнде жұмыс істейтін көлеңкелі бизнес бар деген сөз. Жаңа заңдағы өзгерістер соларды нарықтан шығару үшін жасалып отыр. Осы орайда таза жұмыс істеп отырған зауыт басшылықтары "өндіріс қуатын максималды етіп көрсетейік, сонда көлеңкелі бизнестегілер өздігіне шығып қалады" дегенді айтады. Бірақ   21 зауыттың үш-төртеуін бір күнде  қысқарту дұрыс болмайды", - деді Бақыт Сұлтанов.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай