10 қыркүйек 2014 19:43

Шөкеев "Қазпоштаның" кадрлық құрылымын сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өмірзақ Шүкеев. Фото ©Ярослав Радловский Өмірзақ Шүкеев. Фото ©Ярослав Радловский

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат Қоры" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев "Қазпошта" АҚ-ның директорлар кеңесі, акционерлері және қызметкерлерімен өткен кеңесте компанияның кадрлық саясатын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат Қоры" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев "Қазпошта" АҚ-ның директорлар кеңесі, акционерлері және қызметкерлерімен өткен кеңесте компанияның кадрлық саясатын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сіздерде ішкі құрылым тым ауыр. Төрт орынбасар, бір қаржы директоры, неше түрлі қызметтердің топ-топ басшылары, 20-ға тарта департамент. Бұл не деген сұмдық? Тіпті пошта қызметі адамдарды жұмысқа қабылдайтын ұйымға айналған тәрізді. Бұлай болуға тиіс емес. Біз трансформацияға барамыз десек, онда дұрыс кадрлық саясат керек, онсыз ештеңе де шықпайды" - деді Өмірзақ Шөкеев.

Бұл ретте Қор басшысы қазірде "тереңдету жұмысы басталғанын", жұмыс барысында кім кем тұсымен көзге түссе сол "қысқартылатынын" атап өтті. "Осыған байланысты мен басқарма басшысына да директорлар кеңесіне де толық карт-бланш яғни әрекет етуде еркіндік беремін. Олай болмаса біз ештеңе де істей алмаймыз"  - деді ол.

Сондай-ақ Шөкеев алдағы уақытта табыс деңгейін арттыру, жаңа жобаларға қаражат салып, мекеме қызметкерлерінің жалақысын өсіру үшін компания филиалдардың ауқымды желісін пайдалану тәсілдері тәрізді трансформациялардың барлығы директорлар кеңесі арқылы шешілетінін де баса айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети