20 ақпан 2014 21:26

Шұңқырға құлаған павлодарлық жылу мекемесінен шығын өндіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Павлодарда жылу мекемесінен асфальт астына түсіп кеткен тұрғынның пайдасына 200 мың теңге өтемақы өндірілді деп хабарлайды Tengrinews.kz Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Павлодар облыстық сотының апелляциялық алқасы Павлодардың №1 cотының шешімін өз күшінде қалдырды. Сөйтіп, Александр Стасевскийдің талабы негізді деп танылып, сот "Павлодар жылу желілері" ЖШС-нен шағымданушының пайдасына жалпы сомасы 217 мың теңге көлемінде материалдық және моральдық шығын өндіріп берді", - делінген баспасөз қызметінің ақпаратында Шағымданушы ер адам көшедегі жаяулар жолынан өтіп бара жатып, тротуарға жетпей асфальт астына құлап кеткен. Тереңдігі үш метр болатын су толы шұңқырда ер адам тұншығып қала жаздаған, шығуға ұмтылған сайын шұңқырдың түбі одан әрі ойыла берген. Стасевскийді көшеден өтіп бара жатқандар кездейсоқ байқап, құтқарып алады. Бұдан соң павлодарлық коммуналдық кәсіпорынның табалдырығын жиі тоздырып, шығын талап еткен. Бірақ серіктестік оның өтінішін құлағына ілмейді, ақыры ер адам сотқа беруге мәжбүр болады. "Сот тексеруі кезінде жолдың аталған учаскесінде "Павлодар жылу желілері" серіктестігінің құбыр жарылғаннан кейінгі жерасты ағыстарын жою жұмысын жүргізгені анықталды. Жерасты жұмыстары жүргізілген жер қоршауға алынбаған, ескерту белгілері де болмады", - дейді сот өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети