31 қазан 2014 19:37

Шығыс Қазақстан облысы ІІД басшысы ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Lada.kz сайтынан алынды Фото Lada.kz сайтынан алынды

Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіне жаңа басшы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіне жаңа басшы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

"ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы ІІД-нің басшысы болып полиция полковнигі Жанарбек Бақтыбаев тағайындалды", - делінген баспасөз хабарламасында. Облыстың Ішкі істер департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Рашид Жақыпов таныстырды. 

Бұл тағайындауға дейін  Бақтыбаев Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің басшысы болған. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы ІІД басшысының бірінші  орынбасары қызметін атқарды. ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты әкімшілік полициясында  есірткі бизнесімен күрес, есірткі тасымалдауды бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды. 

Естеріңізге сала кетейік, сондай-ақ бүгін Қызылорда ІІД-нің басшысы болып Жанат Сүлейменов тағайындалды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети