29 шілде 2014 20:17

Шығыс Қазақстан облысында дауыл болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында дауыл болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында дауыл болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК ақпаратына қарағанда, 29-30 шілде күндері облыстың кейбір аймақтарын нөсерлетіп жауын мен бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20, ал кейбір жерлерде 25 метрге дейін жетуі мүмкін. 

Бұған дейін дауыл болады деген ескерту Жамбыл облысында берілген еді. Бұл аймақта секундына 30 метрге дейін жететін жел соғады деп хабарланған. Айта кетейік, мұндай желдің жылдамғы Бофорттың 12 балдық шкаласы бойынша 8-9-деңгейлі, яғни аса дүлей дауыл деп бағаланады. Мұндай жел ағаштарды сындырып, ғимараттардың шатырын ұшырып кетеді.

Облыста дауыл болады деген ескерпе аймақтың әкімшілік орталығы Тараз қаласына да қатысты. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жергілікті әуежай рейстерді қабылдай алмады. Қатты жел салдарынан Тараздан Астанаға және кері бағыттағы ұшақтар жеті сағатқа тоқтап қалған. Бірақ әуежай өкілдерінің айтуына қарағанда, бұл рейстер кейінге қалдырылмай, өзге бағыттағы ұшақтар да кесте бойынша ұшқан.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети