28 қараша 2014 21:41

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz архивынан Tengrinews.kz архивынан

Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 4-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Еуропа - Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап. 


Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 4-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Еуропа - Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап. 

Жерасты дүмпуі 28 қараша күні 18.47-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданының Ақтағой аулынынан солтүстік-шығысқа қарай 36 шақырымда орналасқан. Дүмпулер 9 шақырым тереңдікте болған. 

Еске салайық, 26 қараша күні Алматы уақыты 23.57-де оңтүстік астанаға жақын маңда жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,6. Магнитудасы - 4,2. Эпицентрдің координаттары: солтүстік кеңдіктің 43.09 градусы, шығыс ұзақтықтың 76.89 градусы. Тереңдігі - 10 шақырым. Оңтүстік астанада жер сілкінісі екі балл түрінде сезілді", - делінген some.kz сайтында.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 12 шақырымда анықталды.Тербелісті қаланың жоғарғы бөлігінің тұрғындары сезінді. Куәгерлердің айтуынша, пәтерлерде ыдыс-аяқ салдырлап, ілініп тұрған заттар дірілдеген.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети