Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Шығыс Қазақстан облысының әкімі 97 жастағы соғыс ардагеріне iPad сыйлады

29 Желтоқсан 2014, 12:16
0
©ШҚО ақпарат орталығы
©ШҚО ақпарат орталығы
©ШҚО ақпарат орталығы
©ШҚО ақпарат орталығы
©ШҚО ақпарат орталығы
©ШҚО ақпарат орталығы
©ШҚО ақпарат орталығы
©ШҚО ақпарат орталығы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Ұлы Отан соғысы ардагерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Жалпыұлттық акция аясында облыс басшысы Даниал Ахметов облыс орталығындағы дәрігерлерге барып, Президенттің құттықтау хатын тапсырды, сонымен қатар, Президенттің өмірі жайлы кітап, жаңажылдық дәм және iPad сыйлады. 

Әкім бірінші кезекте Қабду Кәрменовтың үйіне бас сұқты. Ардагер 97 жаста, оның әйелі Зәкен Саханова 94-те. Ардаргерлер соғыс жылдарындағы бейнетті, Берлинге қалай барғаны жайлы әңгімеледі. Олардың 10 баласы, 22 немересі және 4 шөбересі бар.

Ардагерлер Мемлекет басшысының құрмет көрсеткеніне, тек 9 мамырда емес, әрқашан да назар аударатынына алғыс айтты. "Біз мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлық пен көрсеткен құрметіп көріп келеміз. Көптеген ұлттың өкілдерін бір ту астында біріктірген біздің Президент елдің игілігі үшін, гүлденуі үшін көп іс жасап жатыр. Біз, әрине, мұндай құттықтауға алғыс айтамыз", - деді әкіммен әңгімелесу барысында ардагерлердің бірі Дмитрий Москальцов.

"Мұнымен қатар, ШҚО әкімінің орынбасарлары, қала мен аудан әкімдері барлық 642 ардагерге барып, Президенттің құттықтауын жеткізеді", - делінген хабарламада. Бірақ ардагерлерге не сыйланатыны жайлы ақпарат жоқ.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жаңа жыл қарсаңында 26-30 желтоқсан аралығында Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Президентінің Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдауға арналған жалпыұлттық акциясы өтеді. Сонымен қатар, республикада тұратын 5115 ардагердің әрқайсысын облыс, қала және аудан әкімдері барып Мемлекет басшысының атынан құттықтайтыны, жаңажылдық сыйлық беретіні хабарланған.  

Бүгін, 29 желтоқсанда Астанада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мерекелік сыйлықтар берілетіні белгілі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай