Шығыс Қазақстанда мектептерге Абылай хан мен Қожагелді батыр есімдері беріледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Абылай хан. ©astana-akshamy.kz Абылай хан. ©astana-akshamy.kz

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Шығыс Қазақстанда мектептерге қазақ мемлекеттілігінің іргесін бекітуге үлес қосқан тұлғалардың аттары беріледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлімдеді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Шығыс Қазақстанда мектептерге қазақ мемлекеттілігінің іргесін бекітуге үлес қосқан тұлғалардың аттары беріледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлімдеді. 

"Тарбағатай және Үржар аудандарының орта мектептеріне Абылай хан мен Қожагелді батырдың есімдерін беру салтанаты осы мерейтоймен тұспа-тұс келіп отыр. Сондай-ақ, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған хроникалық-деректі бейнефильмдерді шығару, өңірлік телеканалдардан деректі фильмдер көрсетілімін ұйымдастыру мәселесі де назардан тыс қалмайды. 2015 жылдың тамыз айында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жыл бойғы мерекелік шаралардың қорытындысы ретінде Жамбыл облысы Тараз қаласында республикалық деңгейде өтетін ұлы тойға облыс атынан зор дайындықпен қатысып, жалпыға бірдей мерекені өткізуге атсалысу – басты міндеттердің бірі", – деді Жақсылық Омар.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Шығыс Қазақстанда "Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі" халықаралық форумы, Катонқарағай ауданындағы әйгілі Патшалар жазығында халықаралық музыкалық ән фестивалі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Абай ауданында республикалық ақындар айтысын, спорттық салада қазақша күрес пен дзюдодан халықаралық турнир өткізу жоспарланып отыр.

Бұған қоса, өңірде облыстық театрлар "Қаракерей Қабанбай", "Кенесары-Күнімжан", "Отырардың күйреуі", "Ызғарлы Желтоқсан" тарихи драмаларын көрермендер назарына ұсынады. Жалпы білім беретін мектептерде патриоттық сабақтар, "Қазақ мемлекеттілігінің бастауы", "Қазақ хандығының тарихы", "Тарих. Жасампаздық. Тәуелсіздік" тақырыбында шығармалар конкурсы, облыстағы тоғыз жоғарғы оқу орны студенттері арасында "Тәуелсіздік толғауы" тақырыбында ғылыми жұмыстар конкурсы өткізіледі.

Еске салайық, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы республика бойынша кең ауқымда аталып өтеді. Мерейтойға арналған негізгі шаралар Астана мен Тараз қалаларында өтеді. Іс-шараларға жұмсалатын шығынның жалпы көлемі - 23 миллиард теңгеге жуық. Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері жұмсалатын шығындар жөнінде және мерейтой шеңберінде жарыққа шығатын өнер туындылары жөнінде түсінік берген болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.04  course up  583.52  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer