Шығыс Қазақстанда Ресейге дейінгі тас жол жабылды

06 Қаңтар 2015, 11:41
0
Шығыс Қазақстанда Ресейге дейінгі тас жол жабылды - ©vesti.kz
©vesti.kz

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы автожолы боранға байланысты жабылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорынның мәліметінше, 6 қаңтар күні автожолдың Шемонаиха - РФ шекарасы учаскесі автокөліктің барлық түрі үшін жабылып отыр. Мұндай шектеу енгізуге ауа райының қолайсыздығы - боран мен көріну мүмкіндігінің нашарлауы себеп болды. 

Сөйтіп, қазір еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың екеуі жабық тұр. Мұның алдында Алматы облысында Үшарал - Достық автожолының боранға байланысты жабылғаны хабарланған болатын. "Қазақавтожол" кәсіпорнының мәліметінше, 1-4 қаңтар күндері Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдарға ауа райының қолайсыздығына байланысты бес рет шектеу енгізілді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай