03 маусым 2014 13:11

Шығыс Қазақстаннан Алтайға гуманитарлық көмек жіберіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтай Республикасындағы су тасқынының салдары. ©РИА Новости Алтай Республикасындағы су тасқынының салдары. ©РИА Новости

Шығыс Қазақстан облысында Алтай өлкесінде су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ШҚО ақпарат орталығына сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында Алтай өлкесінде су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ШҚО ақпарат орталығына сілтеме жасап.

"Арнайы ашылған қабылдау пункттерінде киім, аяқкиім, балалар заттары, жеке бас гигиенасы бұйымдары, төсек жабдықтары жиналады. Оған қоса, қаражат пен азық-түлік жинау жөнінде кәсіпкерлермен жұмыс жүргізіліп жатыр. Айталық, Бородулиха ауданында көрші Алтай өлкесі тұрғындары үшін 100 көрпе, 100 жастық пен ішкиімнің 100 комплектісі дайындалды", - делінген хабарламада.

Ақпарат орталығының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Алтай өлкесі губернаторы Александр Карлинге көңіл айту жеделхатын жолдап, табиғи апаттан зардап шеккендерге облыстан гуманитарлық жүк жіберілетінін айтты.

"Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының атынан және жеке өзімнің атымнан адамдардың оқыс қазасына байланысты қайғырып көңіл айтамын", - делінген жеделхатта. 

Ертең гуманитарлық жүк тиелген автоколонна Зыряннан шығады, оған Бородулиха және Шемонаиха аудандарының көші қосылады. Еске салайық, ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңбырдың салдарынан Сібірдің үш аймағында су басқан аумақта 5000-нан астам адам қалып қойған, Алтай Республикасы, Алтай өлкесінде және Хакасияда 1,3 мыңға жуық тұрғын үй мен 1,8 мыңнан астам саяжайды су басқан. Өңірде төтенше жағдай тәртібі енгізілді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети