23 қазан 2014 21:42

Шығыс Қазақстаннан сақтардың ежелгі қабірі кездейсоқ табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото yk-news.kz сайтынан алынды Фото yk-news.kz сайтынан алынды

Шығыс Қазақстанда сақтардың ежелгі қабірі табылды, - деп хабарлайды YK-news.kz порталы. Қабірге жекеменшік кәсіпорын жұмысшылары кездейсоқ тап болған.


Шығыс Қазақстанда сақтардың ежелгі қабірі табылды, - деп хабарлайды YK-news.kz порталы. Қабірге жекеменшік кәсіпорын жұмысшылары кездейсоқ тап болған.

Жергілікті фирмалардың бірінің жұмысшылары Ақтоғай ауылының жанындағы нысанда жұмыс істеп жатып, адам жерленген қорған бөлігінің үстінен түседі. Содан құрылыс жұмыстары бірден тоқтатылады. Сол жерге Алматы археологтары шақыртылып, мамандар қазба жұмыстарына кіріседі. Қорған бірнеше ғасыр бұрын тұрғызылған екен, бірақ қабірде кейбір артефактілер сақталыпты.

Қола дәуіріне қатысы бар қабірден біздің эрамызға дейінгі XIV-XII ғасырларда өмір сүрген адамдардың сүйектері шықты. Олар кеуделеріне тізелерін қысып жатқан. Темір дәуіріндегі қабірлерде бастары батысқа қаратып жатқызылған, ежелгі сақтардың сүйектері сақталған. Қорғандағы қазу жұмыстары шамамен бір аптадан кейін аяқталады.

"Ежелгі жерлеу рәсімдері табылған жер Ақтоғай стансасының іргесінде орналасқан. Барлығы 19 қорған табылды. Олардың жетеуі ежелгі қола дәуіріне, ал қалған он екісі – ертедегі темір ғасырына жатады. Әрбір қорғанда 1-4 мола бар. Олардан қола дәуірінің қыштан жасалған ыдыстары мен темір дәуіріндегі жебелердің сүңгісі табылды", - деп жеткізген қабірді зерттеушілердің бірі, Марғұлан атындағы археологиялық институттың ғылыми қызметкері Ерлан Қазизов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети