29 қараша 2014 21:32

"Шымбұлақ" курорты бір апта бойы билет құнын 30 пайызға төмендетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

shymbulakhotel.kz shymbulakhotel.kz

 "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының жаңа маусымы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


 "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының жаңа маусымы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тау баурайы қазірден бастап келушілерге толыға бастады. "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының директоры Ержан Еркінбаев хабарлап отырғандай,  29 қараша мен 7 желтоқсан аралығында демалушыларға 30 пайыздық жеңілдіктер қарастырылған.

Бұл жеңілдіктердің аясында алдағы демалыс күндерінде билеттер құны 5500 теңге болса, ал жұмыс күндері бір күнге билеттің құны 3500 теңге болады 
Ержан Еркінбаевтың айтуынша, қазір қардың аздығынан тау бөктеріндегі ылдилар төмен болып тұр. Сондықтан билет құнына байланысты жеңілдіктер "Комби-1" аспалы көпірі ашылғанға дейін сақталады.

"Біз тау бөктерінің жоғары жағын ғана аштық. Ал жақын уақытта жасанды қар жасау үшін күн суытып, ауа-райы төмен температураны көрсетеді деп үміттенеміз"  деді ол.
"Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының директоры  қауіпсіздік шаралары  күшейтілгенін де айтып отыр.
Болашақта қар көшкінінен қорғану үшін еуропалық сападағы құрал-жабдықтар қолдану жоспарланған. Сондай-ақ қорғаушы команда мүшелері сегіз адамнан он адамға дейін көбейтілген.

"Олар қайтадан оқу-біліктілігін жетілдіруден өтті. Тәжірибе алмасу үшін біз еуропалық демалыс орындарынан жоғары дәрежелі менеджерлерді шақырамыз" деді Еркінбаев. Еске салайық, бұдан бұрын Шымбұлақта "2015 жылдың 20-28 ақпанында Универсиада-2017-ге дайындық шеңберінде тау шаңғысынан ерлер мен әйелдер арасындағы "Күміс Эдельвейс" халықаралық чемпионаты өтеді" делінген болатын.  "Шымбұлақ" кешеніне бұл шара аясында  Батыс елдерінен, Канада, Беларусь, Украина және басқа елдерден спортшылар қатысады деп жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети