12 қараша 2015 09:53

Шымкент әкімі Германия мен Түркиядан келген делегацияны қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі © Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Германия мен Түркиядан келген делегацияны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Германия мен Түркиядан келген делегацияны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Германияның Ален қаласының басшысын және Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы жетекшісін қабылдау барысында қос тараптың өкілдері неміс тілінде еркін пікір алмасып, екі ел арасындағы бірлескен іс-шаралар жобасы мен өзара ынтымақтастық бойынша бірқатар мәселені талқылады. "Кездесу кезінде Шымкентте қоғамдық тәртіпті күшейтуге бағытталған муниципал полиция қызметін жасақтау тақырыбы да сөз болды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Өз кезегінде Ғабидолла Рахматоллаұлы Германия мен Қазақстан арасындағы тығыз қарым-қатынас ахуалын жоғары бағалап, жергілікті өзін-өзі басқару саласында ұйымдастырылған семинарға арнайы келгені үшін шетелдік өкілдерге алғыс сезімін жеткізді.

Қала әкімі Ғабидолла Əбдірахымов Түркияның Алматыдағы бас консулы Рызак Ахан Йылмаз бен вице-консул Алпер Алтай жəне атташе Осман Элгунмен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтамақтастық пен өзара әріптестік қарым-қатынас жайы сөз болды. Түркиялық инвесторлардың айтуынша, қазақ-түрік елдерінің бірлескен іскерлік жобалары тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие.

Айта кетейік, түрік инвесторлары алғаш болып Шымкент қаласының даму концепциясына қызығушылық танытып отыр. Қала әкімі шетелдік инвесторларды жаңа заман талабына сай құрылатын "Shymkentcity" мөлтекауданының жобалық сызбасымен таныстырды. "Түрік елінің өкілдері ел аумағында теңдесі жоқ халықаралық үлгідегі автопарктың жобасына қатысуға дайын екендігін жеткізді. Қазақ елінің үшінші мегаполис қаласы атануға талпынған Шымкенттің жарқын келешегін бағамдай келе, қонақтар сөзін "Шымкент - Қазақстанның гүлденген, өркендеген өмірінің символы болып қала береді" деген жоғары рухты сөздерімен тәмамдады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети