26 мамыр 2016 09:27

Шымкент әкімі: Жер кезегінде де, баспана кезегінде де бірде-бір адамды қалдырмай көмектесу - арманым

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шымкент әкімінің баспасөз қызметі © Шымкент әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте мыңдаған қала тұрғыны мемлекет есебінен тегін жер телімін алу үшін қалалық әкімдікке өтініш тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте мыңдаған қала тұрғыны мемлекет есебінен тегін жер телімін алу үшін қалалық әкімдікке өтініш тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биліктің дерегінше, шаһарда 70 мыңға жуық адам жерге мұқтаж. Әуелі тұрғындар WhatsApp желісінде тараған ақпараттың жетегінде "әкімдік жері жоқ азаматтарға 10 сотық жерді тегін беріп жатыр" дегенді естіп әкімдік ғимараты алдына жиналған. Кейіннен әкімдік қызметкерлері қала әкімдігінің алдына орнатылған арнайы екі жәшікке талап арыздарын салып қайтуын сұрады.

Шымкент қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Қасымбек Сайлауовтың айтуынша, кешеден бері азаматтардан жер телімін беру туралы 3 мың өтініш түскен. "Осы кезге дейін азаматтардан жер телімін беру туралы 65 мың 500 өтініш түсіп, кезек жасалған. Бірақ 2008 жылдан бастап жер телімін беру тоқтатылды. Себебі жер телімін беретін аймақтарда инфрақұрылым тартылмаған. Біз ондай жерді бере алмаймыз. Ал мына өтініш тапсырған адамдар 65 мың 500 адамнан кейін кезекке тұрады. Жер кезекпен ғана беріледі", - деді ол.

Кеше араларында жер телімін алу үшін өтініш жаза келген адамдар бар 30 шақты тұрғын Шымкент қаласы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қабылдауына кірді. Тұрғындар әкімнің 21 мамыр күні Ордабасы алаңында өткен бейбіт жиында жер мен баспана мәселесін талқылау үшін бірнеше азаматты қабылдауына шақырғанын айтады. Халықпен кездескен әкім қала аумағы кеңейтілгеннен бері ауыл шаруашылығына шақталған 60 мың гектар жер қалаға қосылғанын, қаланың ескі аумағында бос жатқан жер телімі жоқ екенін айтты. 

"Өткен бес-алты айдың ішінде ауыл шаруашылығына шақталған 3 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарып алдық. Енді осы жерді ыңғайластыру жағын ойластырып жатырмыз. Алдағы бесжылда Шымкентте жер кезегінде де, баспана кезегінде де бірде-бір адамды қалдырмай, көмектесу - арманым", - деді қала әкімі.

Алайда, жер телімін беру кезінде заңдылықтың сақталмай жатқандығына ашынған xалық бұл бассыздықты тіке өзі қадағалауын сұрады. Шымкент қаласы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалада бірнеше жылдан бері жер телімін беру тоқтатылғанын, халықтың "осы уақытқа дейін халық шыдап келгенін" айта келе, жұртты "сабырлы болуға" шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети