Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов халықтың қамы мен тұрғындарға деген көзқарас туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов халықтың қамы мен тұрғындарға деген көзқарас туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әбдірахымов қабылдау уақытын сегіз сағатқа созды, сонымен қатар, әкіммен кездесу үшін онлайн өтініш жазуға болатынын айтты.
"Бұл жаңашылдық. Креатив бастама емес пе? Әкіммен кездесу үшін онлайн жазылып, кездесуге мүмкіндік алады. Әр аптаның жұмасы. Оның ойында "Егер осы жұмада кездесе алмасам, келесіде үлгеремін" деген ой болып сабырға келеді. Халық не үшін ашуланады? Мен халықты әрдайым әйелге теңеймін. Әйел деген қамқорлықты жақсы көреді, ол махаббатты қалайды, жылу мен назар аударғанын талап етеді. Егер осының барлығын дер кезінде істемесе, ол көтеріліс жасайды, сол себепті де мен халықпен сөйлескенді дұрыс көремін", - деді Әбдірахымов ОКҚ брифингінде.
Әбдірахымов қазақстандықтардан Отанын басқа мемлекеттермен салыстырмауын сұрады.
"Қазір мен баспасөзден мынаны оқимын - Америкада былай, Еуропада былай, бізде неге олай емес. Мен сіздерге айтайын, бізде оларға қарағанда әлдеқайда жақсы, еркін өмір, бізде рухани дүние бар. Осыны сақтап қалу керек. Отаның мен анаңды таңдай алмайсың. Сіздер көшеде жүріп "Мына әйел әдемірек екен, мен осыны анамның орнына таңдаймын" демейсіздер ғой, - деді әкім.
Әбдірахымов мемлекетік қызметке бармағанда, бәлкім Forbes тізіміне кіріп қалуы мүмкін екенін айтты.
"Мен кәсіпте де табысты жұмыс істейтін едім, бірақ менің ең басты міндетім - халқыма жұмыс істеу. (...) Бір-бірімізді қолдайық. Бір-бірімізді даттағаннан, жақсылық бола қоймас. Шындықты айту керек, мен осыған келісемін. Алайда басты мақсат біреу ғана болуы керек - еліңе қызмет ету", - деп түйіндеді әкім.