04 шілде 2016 17:20

Шымкент әкімі көліктен бас тартып, жұмысқа велосипедпен барып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметтік көліктен бас тартып, жұмысқа велосипедпен барып жүр. Әкім велосипедке демалыс күндері ғана емес, жұмыс күндеріне отырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметтік көліктен бас тартып, жұмысқа велосипедпен барып жүр. Әкім велосипедке демалыс күндері ғана емес, жұмыс күндеріне отырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігіндегілердің айтуынша, Әбдірахымов таяу уақыттан бері жұмысқа велосипедпен келіп-кетіп жүр. Ол әкім қызметіне келген кезде бірден қызметтік көліктен бас тартыпты. Мұның орнына әкім өз көлігін пайдаланыпты, ал қазір ол велосипедке ауысты. 

"Көліктің орнына велосипедті таңдауы PR-қадам емес, азаматтарға үлгі. Осылайша қала әкімі велосипедпен жүрудің кептелістен құтылуға және тұрақтардың ыңғайлы екенін көрсетуді ғана емес, мұның денсаулыққа да пайдалы екенін көрсеткісі келеді", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Ал заң бойынша берілуі тиіс көлікке жұмсалатын қаражат Әбдірахымовтың бұйрығымен әкімдік қызметкерлерінің сыйақы қорына аударылады екен. Шаһар басшысы осылайша қызметкерлердің қосымша шабыттанып, өз жұмысын сапалы етіп орындайтынына сенімді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети