24 мамыр 2016 14:55

Шымкент әкімдігі жер алу жайындағы дүрлігуді қолдан жасалған деп есептейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шымкент қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі © Шымкент қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент әкімдігі жер алу жайындағы дүрлігуді қолдан жасалған деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Шымкент әкімдігі жер алу жайындағы дүрлігуді қолдан жасалған деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"Бүгін түске дейін Шымкент қаласы әкімдігінің алдында 400-ге жуық адам "жер беріледі және арыз қабылдаудың соңғы мерзімі бүгін сағат 13:00-де бітеді" деген бейресми ақпаратқа сүйеніп, әкімдік кеңсесіне жиналды", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қасымбек Сайлауов жиналған тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, әкімдік өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда шаһарда жер кезегінде барлығы 65 мың 500 адам тұр. "Баршаңыздың өтініштеріңіз қабылданып, заң талаптарына сәйкес жер телімін алу бойынша кезекке тұрғызылатын боласыздар", - деді Сайлауов.

Айта кетейік, Шымкенттің әкімі 21 мамырда тұрғындармен кездесіп, дүрлігу туғызбауға шақырған еді.


© Шымкент қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, ол азаматтардың жер алу туралы өтініштері қала әкімдігінде әр жұмыс күні сағат 09:00-19:00 дейін қабылданатындығын мәлімдеді.  ҚР Жер кодекісінде мемлекеттен жер учаскесін алудың екі тәсілі бар: жалпы белгіленген тәртіпте ақылы және тегін, 10 га дейінгі мөлшерде жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алуына  болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети