Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.79
EUR / KZT - 402.94
CNY / KZT - 51.90
RUB / KZT - 5.33

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

19 Наурыз, 17:59
0
Ғабит Мәуленқұлов. © otyrar.kz
Ғабит Мәуленқұлов. © otyrar.kz

Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаевтың орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

19 наурызда әкім орынбасары болып Ғабит Мәуленқұлов тағайындалды. Ол осыған дейін Қаратау ауданының әкімі болып қызмет еткен. 

Ғабит Патшаханұлы 1977 жылы 22 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген. 

2000-2001 жылдары Атырау қаласында Каспий экологиялық прокуратурасында прокурор көмекшісі болып еңбек өтілін бастаған. 2002-2007 жылдары Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппаратының кадрлық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, бас консультанты болып қызмет атқарған. 2007-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппаратының бірнеше бөлімдерінде басшылық қызметінде болды.

2016 жылы 18 тамызда Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі болып тағайындалды

2017 жылы қарашада Президент әкімшілігі мен қалалық әкімдік мәслихатының келісімімен Шымкент қаласының әкімі болып Нұрлан Сауранбаев тағайындалған еді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай