07 шілде 2018 15:44

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының ТЖД басшылары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрболат Дербісов. © emer.gov.kz Нұрболат Дербісов. © emer.gov.kz

Шымкент қаласының және Түркістан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің басшылары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент қаласының және Түркістан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің басшылары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының және Түркістан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің жаңа басшыларын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов таныстырды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы лауазымына азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрболат Дербісов тағайындалды.

Дербісов ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.

Сонымен қатар, министрдің бұйрығымен Түркістан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының міндетін атқарушы лауазымына азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрғали Жүнісов тағайындалды. Жүнісов Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесін тәмамдаған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттердің жаңа бастықтарына жемісті еңбек тіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети