Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Шымкент өзінің 2200 жылдығын мақұлдау туралы ЮНЕСКО-ға өтінім жолдады

16 Қаңтар 2015, 11:28
0
Шымкенттегі Ордабасы алаңы. Фото ru.wikipedia.org сайтынан алынды
Шымкенттегі Ордабасы алаңы. Фото ru.wikipedia.org сайтынан алынды

Шымкент қаласының басшылығы қаланың мерейтойлық датасын ресми мақұлдау туралы ЮНЕСКО-ға өтінім жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ЮНЕСКО өтінімді қарап шыққаннан кейін, қаламызға 2200 жыл толғаны әлемдік деңгейде мақұлданатын болады. Содан кейін 2017 жылы біз бұл мерейтойды кеңінен атап өтеміз", - деп хабарлады қала әкімі Дархан Сатыбалды. Әкімнің айтуынша, осындай маңызды мәселені шешуге республикалық деңгейдегі мемлекеттік органдар да ат салысты. Сонымен қатар, торқалы жылда өтетін шаралардың тізімі де жасалып жатыр.

Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылы күзде "Шымкент - 2200 жылдық тарих" атты халықаралық конференция өтті, оған Канада, Франция, Бельгия, Англия, Ресей, Әзірбайжан және Өзбекстан ғалымдары мен ЮНЕСКО өкілдері қатысты. Шараға қатысушылардың назарына Шымкент қаласының көне тарихын дәлелдейтін қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Конференция соңында оқымыстылар қаланың 2200 жылдық жасын бір ауыздан мақұлдады. Айта кетейік, ЮНЕСКО Шымкенттің 2200 жылдығын мақұлдағаннан кейін, ол Қазақстандағы ең көне қала болып есептелетін болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай