25 ақпан 2016 09:32

Шымкент полицейлері жол қозғалысын квадрокоптер арқылы әуеден бақылай бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Шымкент полициясы жол қозғалысын квадрокоптер арқылы бақылай бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент полициясы жол қозғалысын квадрокоптер арқылы бақылай бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, квадрокоптер құрылғылары ережені бұзғандардың соңынан қууға ғана емес, сонымен қатар, жол қозғалысындағы ахуалды әуе арқылы бақылап, ретке келтіру үшін де қолданылады. 

"Сіздердің жол ережесін сақтауларыңыз адам өмірінің қауіпсіздігі мен көлік кептелістерінің алдын алудың кепілі. Сол себепті баршаңызды жол ережесін сақтауға шақырамыз", - деді қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан.

Ведомство қызметкерлерінің мәліметінше, енді қаладағы автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің жол ережелерін сақтауда қандай кемшіліктер жіберетінін анықтауға мүмкін болмаған жерлердің барлығы әуеден бақыланып, ретке келтіріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети