1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Шымкент полицейлері зообақта жирафқа мінген жігітті іздестіріп жатыр30 шілде 2019, 15:23

видеодан үзінді видеодан үзінді

Шымкент полицейлері зообақта жирафқа мінген жігітті іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"2019 жылдың 28 шілдесінде Шымкент зообағының әкімшілігі Шымкент қалалық ПД Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына 27 шілдеде келушілердің бірі зообақтың аумағында тәртіп ережесін бұзғандығы туралы арызданған", - делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында келушінің жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.