03 қараша 2014 12:13

Шымкент түбіндегі Ан-72 апаты: Сотталушы кассациялық шағым келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталушы Қанат Ақылбеков (сол жақта), адвокат Ардақ Балпықов (оң жақта). ©Марина Низовкина Сотталушы Қанат Ақылбеков (сол жақта), адвокат Ардақ Балпықов (оң жақта). ©Марина Низовкина

Шымкент түбінде болған Ан-72 ұшағының апатына байланысты сотталушы кассациялық шағым келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі осы жылдың сәуірінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі ұшағының апатына кінәлі деп танылған Қанат Ақылбековтің адвокатына сілтеме жасап.


Шымкент түбінде болған Ан-72 ұшағының апатына байланысты сотталушы кассациялық шағым келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі осы жылдың сәуірінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі ұшағының апатына кінәлі деп танылған Қанат Ақылбековтің адвокатына сілтеме жасап.

"Ан-72 ұшағының апаты менің қорғауымдағы адамның кінәсінен болмады деп есептеймін және іс бойынша сот актілері қайта қаралатынына, Қанат Ақылбековке қатысты қылмыстық істің тоқтатылатынына үміттенемін", - деп хабарлады адвокат Ардақ Балпықов.

2014 жылдың 28 сәуірінде Шымкенттегі Абай аудандық сотының үкімімен Қанат Ақылбеков абайсыздықта Ан-72П ұшағының апатқа ұшырауына себеп болған әуе көлігі қозғалысы қауіпсіздігі ережесін бұзуға айыпты деп танылды. Оған қоныс-колонияда 6 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Әуе апаты салдарынан экипаждың 7 мүшесі мен 20 әскери қайтыс болған еді.

Сот шешімімен келіспеген адвокат алғашқы инстанцияның үкіміне шағым келтірді. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының 2014 жылдың 27 маусымындағы қаулысымен Қанат Ақылбековтің жазасы қоныс-колонияда 4 жылға бас бостандығынан айыруға дейін азайтылды.

Еске сала кетейік, 2012 жылдың 25 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында Астана - Шымкент бағыты бойынша ұшуды орындаған Ан-72 әскери ұшағы апатқа ұшыраған еді. Оның бортында 27 адам болды. Апаттан ҚР ҰҚК Шекара қызметінің барлық дерлік жетекшісі қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети